Astana Media Week: Танымал бизнес-тренер Радислав Гандапас шеберлік сағатын өткізді
Astana Media Week бағдарламасында теле-радиобағдарламаларды жасауда жетекші мамандардың, жаңалықтар редакцияларының, баспасөз қызметтерінің басшыларының және блогерлердің де шеберлік сағаттары жарияланған.
Апталықтың жаттықтыру контенті бөлігінің хедлайнері ретінде бизнес тренер, ТМД спикерлер қауымдастығының президенті Радислав Гандапас сабақ өткізді.
Танымал бизнес-тренер жеке уақытты тиімді басқару жолдарын, негативтен арылу және дұрыс режимде қалай кесте құруға болатынын айтты, хобби және басқа да әлеуметтік қолдау көрсететін алаңдар табуға кеңес берді.
Айта кетейік, белгілі жаттықтырушының шеберлік сабағы виртуалды форматта тікелей эфирде көрсетілді.
Еске сала кетсек, елордада Astana Media Week – 2021 жыл сайынғы медиаапталығы басталды.
AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді.
Astana Media Weeк – барынша өмірге бейімді идеяларға, авангардтық шешімдерге, соны пікірлерге арналған бесінші жылсайынғы оқиға әрі ғалам бейнесін сәл айқынырақ етуге тырысатын адамдардың көзқарасы таласқа түсетін және қорғалатын орын.
AMW-2021 іс-шарасы онлайн және офлайн-алаңдарда да жоспарланған.
Фото: blog.radislavgandapas.com