03:42, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астана мектептерінде 15 мың оқушыға орын жетіспейді
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін қала мектептерінде 15 мың оқушыға орын жетіспейді. Олардың 10 мыңнан астамы бірінші сынып оқушылары. Қаланың орта білім беру мекемелерінде барлығы 86 663 оқушы бар. Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті.

Оның айтуынша, бала саны жыл сайын өсіп барады. Бұл, әсіресе, ішкі көші-қонның есебінен болып отыр. Келесі жылы бірінші сыныпқа мектепке 12 мың шамасында оқушы баруы мүмкін.
Сондай-ақ, Әсима Бимендина бүгінгі күні елордада 70 мектеп бар екенін де тілге тиек етті. 2013 жылы ол үш мектепке көбейеді. 2014 жылы тағы да қосымша 6 мектеп ашу жоспарлануда. 2015 жылы да сондай мектеп ашылуы ықтимал.