Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына бүгін сабақ болмайды
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Астана мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына бүгін сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық білім басқармасынан хабарлады.
«Қатты аязға байланысты бүгін қала мектептерінде бірінші ауысымда оқитын 1-9 сынып оқушыларына сабақ болмайды», делінген дүйсенбі күні таңертең жасалған хабарламада.