12:41, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астана мектептерінде екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Астанада мектептерде екінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақтар болмайды.

Бұл туралы астаналық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.
Еске салсақ, оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында 1-4 сыныптарда ауаның температурасы -25 градус және одан төмен болғанда; 1-9 сыныптарда ауаның температурасы -30 градустан төмен болғанда; 1-11(12) сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) -35 градустан төмен болғанда Астана қаласы әкімдігімен келісілген білім ұйымдарында сабақты тоқтатудың параметрлері белгіленген болатын.