Астана мектептерінде оқитын полицияның жас достары слетке жиналды

Астана қаласы ІІД-нің кәмелетке толмағандар бойынша бөлімінің жетекшісі Зүлфия Якупованың сөздеріне қарағанда, ПЖД отрядтарының слеты мектеп оқушыларында құқықтық және әскери-патриоттық сананы қалыптастыруға көмектеседі және мектеп оқушылары алдында полиция беделін арттырады.
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында ішкі істер органдары қызметтерінің, қоғам және үкіметтік емес ұйымдарды тартып полиция қызметкерлерімен шаралар кешені қарастырылды.
Слет қатысушылары үшін Астана қаласының ІІД-нің күшімен астаналық полицияның арнайы техникасы мен қару-жарағының көрмесі ұйымдастырылды.
Шараның ұйымдастырушылары - Астана қаласының ішкі істер департаменті мен қалалық білім басқармасы болды. Слетқа сондай-ақ Балалар құқықтарын қорғау департаментінің, Астана қаласы прокуратурасының, т.б. өкілдері қатысты.