Астана мектептерінде үш ауысымдық оқу жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мектептерінде үш ауысымдық оқудан бас тартты.
None
None

Астана қ. Ішкі саясат басқармасының ақпаратынша, астана мектептерінде 115 мың оқушы үшін 2015-2016 оқу жылы басталды. 15,5 мың бала бірінші сынып оқушысы атанды.

2011 жылдан 6 мектепте үш ауысымдық сабақтар болған. Кейін олардың саны 5, ал 2014-2015 оқу жылында екіге дейін қысқарды. Биыл 3 жаңа мектеп қолданысқа беріліп, балаларды жеткізу ұйымдастырылған соң үш ауысымдық оқу жойылды.

Бүгінде Астанада 80 мемлекеттік мектеп балаларды екі ауысымда оқытады.

Соңғы жаңалықтар