18:36, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
Астана мектептеріне бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінеді - Э.Суханбердиева
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мектептерінде ата-аналардан ақша жинау фактілері жоқ, себебі мектептер бюджеттен жеткілікті түрде қаржыландырылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиева мәлім етті.
«Біз ақшаны жеткілікті дәрежеде бөліп отырмыз, балабақшаларда, мектептерде, колледждерде ата-аналардан ақша жинау оқиғалары болған емес. Директордың өзі мектептердегі ақша жинау фактілерін болдырмауға тырысады. Мұғалімге, мектеп басшылығына ата-аналардан қаражат жинау тыйым салынған. Өйткені біз қаражатты жеткілікті деңгейде бөлудеміз», - деп хабарлады басқарма бастығы.
Оның айтуынша, мектеп қажеттіліктері үшін балалардан қаражат жинау заңсыз әрекет және ондай оқиғалар анықталатын болса, айыпты тұлғалар қатаң жазаланатын болады.