Астана мектептерінің жанындағы бірқатар көшелерге қозғалысты шектеуге арналған белгілер орнатылды

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Астана мектептерінің жанындағы бірқатар көшелерге қозғалысты шектеуге арналған белгілер орнатылды. Сонымен қатар, Астана қалалық Жол полициясы басқармасы көшелердің қай учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы хабардар етті.
None
None

Сөйтіп, ЖПБ ақпараты бойынша, Қабанбай батыр даңғылының учаскесіндегі Сығанақ көшесінен М-3 көпіріне дейін балалар арбасы өтпелері мен құдықтарды көтеруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Ақмола көшесінен Бараев көшесіне дейінгі учаскедегі Иманбаев көшесінде жол қозғалысы бөлігін толықтай шектеу арқылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Абылайхан даңғылынан Тәуелсіздік көшесіне дейінгі учаскедегі Мұңайтпасов көшесінде және Потанин көшесі мен Тілендиев көшелері учаскесіндегі Мәскеу көшесінде жол толықтай жабылып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, Кенесары-Жұбанов, Кенесары-Пушкин, Интеллектуалдық мектеп жақтағы Сығанақ көшесі, Абылай хан даңғылы-Б.Момышұлы, Бейбітшілік-Кенесары және Бейбітшілік -Омаров көшелерінің бойына «Абайлаңыз, балалар» және «Қатты жылдамдыққа шектеу» дыбыс жолақтары мен жол белгілері орнатылуда.

Соңғы жаңалықтар