Астана Мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі 13-ші маусымын ашты

АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 22-сі күні елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Астана Мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрі «Әсем ән мен тәтті күй» деген атпен өзінің 13-ші маусымын ашты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақ халық аспаптары оркестрі 1998 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде оркестр сан алуан концерттер өткізіп, музыкалық асыл мұрамызды дәріптеп келеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.

Биылғы 13-ші маусымының ашылуында шығармашылық ұжым әлемдік музыканың озық туындылары мен қазақ сазгерлерінің күйлерін орындады. Сонымен қатар бірқатар шығармаларға Шамғон Қажығалиев атындағы республикалық дирижерлар байқауының лауреаты, Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәурен Ғылымов дирижерлік жасады.

Шырайлы кеште Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева Айтқали Жайымовтың «Күй-ана» шығармасын шебер орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Мәдениет қайраткері Қияқбай Асамбаев «Бекет ата - пір баба» әнін шырқады.

Соңғы жаңалықтар