Астана мен 12 аймақта дауылды ауа райы сақталады
2 наурызда Астанада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні - 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында - 23-28 м/с. К
Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
2 наурызда түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде – қарлы боран. Облыстың оңтүстігінде тұман мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде - 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні - 23 м/с, күндіз екпіні - 15-20 м/с.
2 наурызда түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.
2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қарлы боран күтіледі. Бүгін түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с, облыстың басым бөлігінде екпіні - 23-28 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түседі. Батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні - 15-20, кейде 23-28 м/с дейін барады.
Күндіз Абай, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады.
Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші - 15-20 м/с.