Астана мен 16 өңірде қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — 19 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысы мен Астана қаласында қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Туман / Тұман
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Астанада өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Абай облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-шығысқа ауысады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Атырау облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысы мен солтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың шығысы мен оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с-ке жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары деңгейде, оңтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері маңында шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады, облыстың батысында өрт қаупі төтенше деңгейде болады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында солтүстіктен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыста өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде, солтүстік-шығысында төтенше деңгейде сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде тұман түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Бұдан бұрын Шығыс Қазақстанда күздің алғашқы айында ауа райы құбылмалы болатыны хабарланды.