«Астана» мен «Академия УТМ» командалары арасындағы жолдастық кездесу 1:3 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Анталияда кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналық футболшылар 4 ақпанда Кишиневтің «Академия УТМ» клубымен жолдастық кездесу өткізді.
Олег Протасов жаттықтыратын «Астана» онда молдовалық қарсыластарынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Матчта қазақстандық аяқдопшылардың Бас бапкері Санкт-Петербордағы достастық кубогынан кейін құрамаға келіп қосылған қорғаушы Дамир Даутов, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат пен шабуылшы Денис Прокопенконың ойынын алғаш рет бағалауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ байқауда жүрген олардың жастар құрамасындағы серіктестері Евгений Горячий мен Абзал Бейсебековтің және легионерлер Милисавлевич пен Эмиль Дикэнің де шеберлігін сынап көрді. Астаналықар енді 8 ақпанда Чехияның «Баник» клубымен кездеспек. Олардың бұл жолғы қарсыласы бірнеше дүркін ел чемпионы және кубог иегері болған Чехияның ең азулы командаларының бірі саналады.