Астана мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Ақмола облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
None
None

25-27 қараша аралығында Ақмола облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Боран ұйытқиды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді, ал 25 қарашада секундына 25 метр болатын қатты жел тұрады.

Астанада 25-27 қараша аралығында көктайғақ пен боранды ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Дауыл тұру ықтималдығы - 90-95%.

 

Соңғы жаңалықтар