15:27, 22 Сәуір 2017 | GMT +6
Астана мен Ақмола облысында ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ТЖ комитеті Астана мен Ақмола облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
23 сәуір күні таңертең және күндіз Ақмола облысында екпіні 12-20 м/с-қа жететін оңтүстік-батыстан қатты жел тұруы ықтимал.
Астанада 23 сәуір күні таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.