Астана мен Ақмола облысының аумағында ауа райы бұзылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысы мен Астана қаласында қар жауып, арты бұрқасынға айналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы Қазгидрометтің дабылды ескертуінде көрсетілген.
None
None

«25-26 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауады, 25 желтоқсанда кей жерлерінде қар көп мөлшерде түседі. Кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік батыстан жел соғады, 25 желтоқсанда кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м /с-ге жетеді, 26 желтоқсанда өңірдің басым бөлігінде екпіні 23 м/с жел соғады», - делінген хабарламада.

Ал, Астана қаласында 25-26 желтоқсанда қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейеді.

Соңғы жаңалықтар