Астана мен Алматыда доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 449,94 теңгеден сатып алынады, 456,94 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 501,99 теңге, сату - 511,99 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,36 теңге, сату - 5,56 теңге;
- юань 68,13 теңгеден сатып алынады, 71,76 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 452,32 теңге, сату - 454,50 теңге;
- еуро: сатып алу - 504,07 теңге, сату - 508,50 теңге;
- рубль 5,36 - 5,47 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,90 - 70,31 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 30 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,27 теңгеге өсіп, 453,87 теңге болды.