Астана мен Алматыда доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 446,00 теңгеден сатып алынады, 453,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 499,00 теңге, сату — 509,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,15 теңге, сату — 5,35 теңге;
— юань 67,92 теңгеден сатып алынады, 71,53 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 448,33 теңге, сату — 450,00 теңге;
— еуро: сатып алу — 499,30 теңге, сату — 504,48 теңге;
— рубль 5,21 — 5,33 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,46 — 70,04 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 6 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,02 теңгеге түсіп, 447,14 теңге болды.