Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 449,00 теңгеден сатып алынады, 456,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 501,97 теңге, сату - 512,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,20 теңге, сату - 5,40 теңге;
- юань 66,49 теңгеден сатып алынады, 70,47 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 451,25 теңге, сату - 453,29 теңге;
- еуро: сатып алу - 506,11 теңге, сату - 510,40 теңге;
- рубль 5,24 - 5,36 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,50 - 70,11 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге түсіп, 452,12 теңге болды.