11:03, 04 Қаңтар 2016 | GMT +5
Астана мен Алматы әуежайларында рейстер кешіктірілді және ұшырылмай жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Астана мен Алматы әуежайларында рейстер кешіктірілді және ұшырылмай жатыр.

Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосынан хабарланғандай, Өскемен-Алматы бағытындағы рейс кешігіп жатыр. Ал Алматыдан Астана, Душанбе және Джебель-Али бағытына рейстер ұшырылмайды.
Рейстердің кешігуі 30 минуттан 6-7 сағатқа дейінгі уақытты құрайды.
Алматыда 4 қаңтарда ауа температурасы күндіз +4 градусты құрайды.
Астана әуежайында да алматылық рейстер екі бағыт бойынша да ұшырылмайды. Өскеменнен келетін рейс кешіктірілуде.