Астана мен Алматы қалаларының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сатылу бағамы арзандап жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Астана мен Алматы қалаларының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сатылу бағамы бірдей - 354 теңгеге төмендеді. Ал, сатып алу бағамы Астанада - 352 теңге, ал Алматыда - 352,5 теңгені құрады. kurs.kz және valuta.kz порталдары осындай деректер келтірді.
Өз кезегінде Қазақстан Халық банкінде доллардың сатылу бағамы - 353,89 теңге, Казкоммерцбанкте - 354,5 теңге, ал БанкЦентрКредитте - 355 теңгені құрады.
Естеріңізге сала кетелік, бүгін таңертең Астанада доллардың сатылу бағамы - 357 теңгеге, ал Алматыда 354,7 теңгеге төмендеген болатын. Ал, долларды сатып алу бағамы Астанада - 353 теңге, Алматыда 352 теңге болды.