Астана мен Алматы ресейлік туристер үшін танымал қалалар бестігіне енді
2017 жылдың күзіндегі туристерге танымал ТМД қалалары: 1) Минск (Беларусь); 2) Астана (Қазақстан); 3) Баку (Әзербайжан); 4) Ереван (Армения); 5) Алматы (Қазақстан); 6) Ташкент (Өзбекстан); 7) Ашхабад (Түрікменстан); 8) Киев (Украина); 9) Кишинев (Молдова); 10) Бішкек (Қырғызстан), - деп жазады Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің сайты .
«Бұл рейтинг туристерді орналастыру құралдарының онлайн-тіркеу жүйесінің мәліметтеріне сараптама жасау нәтижесі бойынша құрастырылды», - деген ресми мәлімдемеде.
ТурСтат мәліметтеріне сәйкес, туристер Минск қаласына күз мезгілінде орта есеппен алғанда 2,5 күнге келіп, жатар орынға тәулігіне 70 доллар жұмсайды.
Туристер үшін ТМД көлеміндегі ең арзан қалалар - Бішкек пен Кишинев болса, ең қымбаты - Астана мен Баку.
«Орта есеппен алғанда Астанаға 2 күн, тәулігіне 85 доллар, Баку - 3 күн, тәулігіне 78 доллар, Ереван - 3 күн, тәулігіне 67 доллар, Алматы - 3,5 күн, тәулігіне 65 доллар, Ташкент - 2 күн, тәулігіне 43 доллар, Ашхабад - 3 күн, тәулігіне 40 доллар, Киев - 2 күн, тәулігіне 56 доллар, Кишинев - 1 күн, тәулігіне 35 доллар, Бішкек - 1 күн, тәулігіне 32 доллар», - деп көрсетті агенттік.