11:43, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Астана мен Алматыда 4 адам газдан уланды
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Астана мен Алматыда 4 адам газдан уланып қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Наурыздың 3-інде елордадағы жер үйлердің бірінде пеште болған ақаудан бір әйел мен 2 бала газдан уланып, ауруханаға жеткізілді. Осы күні Алматыда да дәл осындай төтенше жағдай орын алды. Газбен уланған 18 жастағы жігіт ауруханаға түсті.