Астана мен Алматыда, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық көрсеткіштен асып түседі

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Астана мен Алматы қалаларындағы, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарындағы жұмыссыздықтың деңгейі алаңдатарлық. Бұлардағы жұмыссыздық деңгейін орташа республикалық көрсеткіштен асып түседі.
None
None
Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Осыған байланысты, біз халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыруға айрықша үміт артамыз. Оларда жұмыссыздықты төмендетудің нақты шаралары қарастырылған. Әкімдіктердің қазіргі таңдағы міндеттері ? бағдарламаларда қарастырылған шараларды орындап, бұл мақсаттарға бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын және толық игерілуін қамтамасыз ету», деді өз сөзінде Б. Сапарбаев.
Соңғы жаңалықтар