Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 30 тамыз күні еліміздің көптеген қалаларында метеорологиялық жағдай жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, синоптиктердің мәліметінше, жағымсыз метеожағдай тек Астана мен Алматы қалаларында күтіледі. Орал қаласында қолайсыз атмосфералық жағдай жалғасады.
Ал Ақтау, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен және Шымкент қалаларында ауа сапасы жағымды болатыны болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның жерге жақын орналасқан қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.