Астана мен Алматыда «Болашақ-2012: әлеуетті жүзеге асыру» атты түлектер форумы өтеді

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - 24 қарашада Астана және Алматы қалаларында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен

Астана мен Алматыда «Болашақ-2012: әлеуетті жүзеге асыру» атты түлектер форумы өтеді

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығымен бірлесе отырып, «Болашақ» стипендиясы түлектерінің, отандық және халықаралық жұмыс берушілердің қатысуымен «Болашақ-2012: әлеуетті жүзеге асыру» Форумын өткізеді.

Форумның мақсаты - мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілер мен «Болашақ» бағдарламасы түлектеріне адами ресурстарды, кәсіби өсуді, еңбек нарығындағы ағымдағы жағдайды дамыту бойынша алаң құру.

Ағымдағы жылы экономиканың түрлі салалары бойынша кадрларды тиімді орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының 925 түлегі елге қайтып оралады.

Форум шеңберінде: 100-ден аса жұмыс беруші қатысатын бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы: кәсіби тағылымдаманы іске асыру» жұмыс берушілерге арналған сессия, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның BI-Group компаниясымен жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жобасының тұсаукесері, «Болашақ» стипендиясы түлектері үшін тренингтер мен коуч-сессиялар өткізіледі.