Астана мен Алматыда француз мектептері ашылады – Тоқаев пен Макронның бірлескен мәлімдемесі

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматыда екі француз мектебі ашылады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макронның бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана мен Алматыда француз мектептері ашылады – Тоқаев пен Макронның бірлескен мәлімдемесі

Мәлімдемеде Президенттер білім саласындағы ынтымақтастықтың басымдылығын атап өткен.

«Олар Астана мен Алматыда екі француз мектебін ашуға және дамытуға қолдау білдірді.

Студенттердің ұтқырлығын, атап айтқанда «Абай-Верн» бағдарламасы шеңберінде шәкіртақылар санының көбеюіне және «Болашақ» бағдарламасы бойынша француз жоғары оқу орындары тізімін кеңейту арқасында арттыруды қолдады.

Сондай-ақ Сорбонна-Қазақстан институтын қайта форматтауды қолдайтындықтарын білдірді және 2022 жылғы 30 қарашада Парижде 7-ші Қазақстан-Франция жоғары білім форумының өтуін, сондай-ақ білім беру саласындағы бірқатар құжаттарға қол қоюды құптады», - делінген Ақордаға жариялаған бірлескен құжатта.