Астана мен Алматыда мембағдарлама аясында бой көтеретін пәтер бағасы көтерілмейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Алматыда «Тұрғынүйжинақбанкі» бағдарламасы аясында салынатын пәтерлердің бағасы көтерілмейді. Бұл туралы «КТК» телеарнасының «Халық қызметшісі» бағдарламасында қонақта болған «Бәйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев мәлім етті.
None
None

«Алматы мен Астана үшін тұрғын үй бағасы бұрынғы қалпын сақтап отыр. Негізінен географиялық және табиғи ерекшеліктерге байланысты батыс облыстарда қымбаттау орын алды», - деді ол.

Қ.Бишімбаевтың пайымынша, ОҚО, Жамбыл, ШҚО облыстарындағы баспана бағасының қымбаттауы девальвация әсерімен байланысты. Яғни, девальвация құрылыс материалдарының құнына белгілі бір дәрежеде әсер етті. Мәселен, Қазақстанда өндірілетін кірпіш, цемент және басқа да құрылыс қоспалары бағасы тұрақты болғанымен, бірқатар материалдарға баға өсімі байқалады. Сонымен қатар холдинг басшысы әлемдік экономикалық ахуалға қатысты да өз ойымен бөлісті. «Болжам жасау қайырымсыз іс. Дегенмен, түрлі жайттарға, оның ішінде жағымсыз сценарийлерге де дайын болумыз қажеттігі сөзсіз. Соңғы 20 жылдың ішінде әлем қатты өзгерді. Қазіргі уақытта әлемде бір ғана емес, екі немесе үш экономикалық орталық бар. Яғни, АҚШ пен Еуропа бір экономикалық орталық болса, Қытай бастаған Азия мүлдем басқа. Ал Үндістан - үшінші экономикалық орталық», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар