Астана мен Алматыда жалға берілетін баспананың шаршы метрі 200 мың теңгеден аспайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әкімдік тізімінде кезекте тұрғындар үшін арендалық баспана құрылысына және ішкі көші-қонға өңірлік квоталарды жүзеге асыруға «Бәйтерек» холдингі желісі бойынша 53 млрд. теңге бағытталады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
None
None

«Астана мен Алматы қалаларында бір шаршы метр баспананың құны 200 мың теңгеден аспайды, ал қалған өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қосқанда 180 мың теңге болады. Шамамен бір айға төленетін арендалық төлем сатып алу құқығынсыз Астана мен Алматыда шаршы метріне - 640 теңге, басқа өңірлерде - 550 теңге. Ал сатып алу құқығымен Астана мен Алматыда шаршы метріне - 1230 теңге, басқа өңірлерге - 1110 теңге болмақ. 2016 жылы осы тетік бойынша 324 мың шаршы метр баспана тапсырылады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғын үй құрылысын ынтаналандыру үшін 360 млрд. теңге бөлінетін болады.

Соңғы жаңалықтар