Астана мен Алматының әуежайлары ТМД-дағы үздік ондықта
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мен Алматының халықаралық әуежайлары ТМД-дағы үздік ондыққа кірді. Мұндай рейтингті Skytrax британиялық жеке консалтинг компаниясы жасады.
Алғашқы орындар Мәскеудегі Домодедово мен Шереметьево халықаралық әуежайларына тиесілі. Үшінші орыннан өткен жылы Бүкіләлемдік Универсиаданың қатысушылары мен қонақтарын қабылдаған Қазан халықаралық әуежайы көрінді.Төртінші сатыға Ресей астанасының Внуково әуежайы орналасты. Қазақстандық Астана мен Алматы әуежайлары бірінен кейін бірі алтыншы, жетінші орындарға жайғасты. Одан кейінгі орындарда Минск, Баку мен Ташкент әуежайлары.
Британдық Skytrax консалтингтік жеке компаниясы әуе компаниялары мен әуежайлар ұсынатын қызмет көрсету сапасын зерттеуге мамандануда. Зерттеулер негізін жолаушылардан алынған түрлі сауалнамалар құрайды.
Еске сала кетейік, осымен екінші жыл қатарынан Skytrax нұсқасы бойынша әлемде Сингапур әуежайы үздік деп танылған.