«Астана» мен БАТЭ арасындағы Еуропа лигасының плей-офф матчында есеп ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» мен БАТЭ Еуропа лигасының плей-офф матчында есеп ашылды.
Есеп қазақстандық команданың пайдасында - 1:0. Джуниор Кабананга ойынның 70-минутында салды.
Айта кетейік, "Астана Арена" стадионында өтіп жатқан ойын негізінен "БАТЭ" алаңында әзірге бір сарында өтуде. Қазақстандық команданың қарқыны басымырақ.
Қарымта матч "Борисов-Аренада" 25 тамызда өтпек.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Астана" футбол клубын "Селтик" ығыстырған болатын.