22:30, 25 Қараша 2015 | GMT +5
«Астана» мен «Бенфика» арасындағы матчта есеп теңесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің бесінші туры аясында өтіп жатқан «Астана» мен «Бенфика» командаларының кездесуінде есеп теңесті.

Қарсыластар сапында ойынның 72-минутында Рауль Хименес дубль жасады. Айта кетейік, бұның алдында «Астана» 2:1 есебімен алда келе жатқан. Алдымен кездесудің 20-минутында Патрик Твумаси есеп ашса, ойынның 30-минутында «Астана» сапынан Аничич есепті еселеген. Бірақ көп ұзамай Бенфика Астананың есептегі басымдығына есе қайтара білді. Ойынның 39-минутында португалдықтар сапынан Рауль Хименес гол соғып, есепті 2:1-ге жеткізді. Бұның алдында xабарлағанымыздай, «Бенфика» С тобында тоғыз ұпаймен көш бастап келеді. «Астана» командасы болса, екі балл жинап, төртінші орынға жайғасқан.