Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысы іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «WizzAir» венгерлік лоукостері Астана мен Будапешт арасына қатынайтын жаңа әуе байланысын іске қосты, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«AIRBUS» әуе компаниясының А320 әуе кемесі аптасына екі рет, бейсенбі және жексенбі күні әуе рейсін орындайды. Алғашқы рейспен Венгер Республикасының ұлттық экономика министрі Михай Варга бастаған делегация ұшып келеді.

Мамандандырылған халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында ашылып отырған жаңа бағыт айтулы оқиға болып отыр. Бұл Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық және іскерлік қарым-қатынастарды, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

Өткен жылдың 24 қарашасындағы авиациялық биліктің келіссөздерінің қорытындысында Астана - Будапешт бағыты бойынша екі ел үшін аптасына 7 рейс жасау құқығы беріледі.

«WizzAir» әуе компаниясының ақпараты бойынша, Астанадан Будапештке дейінгі ең төменгі билет құны тек бір жаққа тіркеу қызметі мен жүкті қосқанда 49-дан 130 еуроға дейінгі соманы құрайды. Бұдан бөлек, лоукостермен әуе тасымалы ережесі бойынша басқа да қызметтер үшін қосымша ақы төлеу қарастырылған (тіркеу, жүк, тамақтану, орынды тегін таңдау және т.б.).

Соңғы жаңалықтар