15:39, 27 Ақпан 2017 | GMT +6
Астана мен Бурабай аралығында қоғамдық көлікпен қатынау қиындады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бойынша бір ғана республикалық маңызы бар жолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақавтожол» РМК-ның мәліметіне қарағанда, боранға байланысты бүгін түстен кейін «Астана-Петропавл» автожолының 18-230 шақырымындағы Астана мен Бурабай аралығында қоғамдық және жүк көліктері үшін жол жабылды. Ал жеңіл автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілген жоқ.
Еліміздің өзге өңірлеріндегі республикалық жолдардың барлығы ашық.