Астана мен Бурабай арасында жол ашылды
АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақмола облысы аумағындағы жолдар ашылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарланды.
Боранға байланысты бүгін таңертең «Екатеринбург-Алматы» жолының 1114-1247 шақырымындағы Жалтыр-Астана аралығы және «Астана-Петропавл» жолының 18-231 шақырымындағы Астана мен Щучинск арылығы жабылған болатын. Бүгін сағат 19:00-ден бастап бұл жолдар ашылды.
Ал «Екатеринбург-Алматы» жолының 1278-1353 шақырымындағы Астана мен Аршалы аралығы жабық тұр.
Бұдан бөлек, бүгін кешқұрым Қостанай облысы аумағындағы «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-340 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласы аралығында қозғалыс шектелді.