Астана мен Ерейментау арасындағы жол ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қалыпқа келуіне байланысты Астанадан шығатын кей жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана мен Ерейментау арасындағы жол ашылды

Қалалық Ikomek жедел қызметі таратқан мәліметке сенсек, бүгін 28 қараша, таңғы 8.20 кезінде «Астана-Ерейментау-Шідерті» республикалық маңызы бар автожолының 16-156 шақырым аралығында көліктің барлық түріне жүруге рұқсат берілген.

Бұл - Астана мен Ерейментау қалаларының арасын жалғайтын жол.