Астана мен Қарағандыда 19 қыркүйек күні жайсыз метеожағдай қалыптасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, 19 қыркүйектегі метеорологиялық жағдай Қазақстанның екі қаласында ластаушы затардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Астана мен Қарағандыда ғана жайсыз метеорологиялық жағдай, ластаушы заттар қалыптасады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар
telegram