Астана мен Қарағандыдан пойызбен жолаушылар тасымалдау белгіленген кесте бойынша жүзеге асырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 29 желтоқсанында ауа райының күрт бұзылуына байланысты Астана мен Қарағандыдан шығатын автокөлік жолдары жабылып, аталған қалалардағы теміржол вокзалдарында жолаушылар күрт көбейді.
None
None

«Осыған байланысты жергілікті атқарушы билік пен тасымалдаушылар және вокзал әкімшілігі бірлесіп, жолаушылар тасымалын мүмкіндігінше қамтамасыз ету мақсатында жедел штаб құрды. Сонымен Астанадан 11 929 жолаушы тиісті бағыттарына, оның ішінде 9723 адам алдын ала сатып алған билеттерімен жолға шықты, тағы қосымша 2394 жолаушыға да жағдай жасалды. Осы мақсаттарға «Астана - Алматы» және «Астана-Шымкент» бағыттары бойынша 2 жолаушылар пойызы ұйымдастырылды. Сонымен бірге қолданыстағы жолаушылар пойыздарына қосымша 24 жолаушылар вагоны тіркелді»,-делінген ҚР ИДМ хабарламасында.

Бұдан бөлек, Қарағандыдан 4 985 жолаушыға тиісті бағыттарынан қалмай жолға шығуына жағдай жасалды. Оның ішінде ұйымның есебінен «Қарағанды-Теміртау» бағыттары бойынша қосымша пойыздар мен қосымша вагондар ұйымдастырылып, 1337 адам жолға шықты.

Астана мен Қарағанды вокзалдары бойынша барлығы 16 914 жолаушы жолға шықса, оның ішінде 3731 адам қосымша пойыздар мен вагондардың көмегімен тасымалданды.

«Қазіргі уақытта барлық жолаушылар пойыздарының кетуі мен келуі белгіленген кесте бойынша жүзеге асуда»,-делінген ведомство мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар