Астана мен Қызылордада 18 м/с дейін күшті жел тұрады- Қазгидромет
СТАНА. Қазанның 18-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астана мен Қызылордада 18 м/с дейін күшті жел тұрады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК сайты.
Синоптиктердің хабарлауынша, Астанада ауа температурасы күндіз +6 +8, түнде -1 +1, түнде және таңертең жаңбыр жаууы ықтимал.
Қызылордада күндіз +18 +20, түнде +8 +10 күн жылынып, жаңбыр жауады деп күтілуде.
Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Алматы облысының көптеген жерлерінде күндіз Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 18-20 метрге жететін күшті жел соғады деп күтілуде.
Түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.