Астана мен Софиевка ауылының арасында автобус жүретін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Софиевка ауылы мен Астана-Павлодар автожолында орналасқан саяжай тұрғындары үшін жаңа автобус іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана LRT компаниясының Фейсбуктегі  парақшасына сілтеме жасап.

Астана мен Софиевка ауылының арасында автобус жүретін болды

«Софиевка ауылын, сондай-ақ Астана-Павлодар автожолында орналасқан бау-бақша қоғамдастықтарын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2018 жылдың 6 қазанынан бастап №317 жаңа қала маңына қатынайтын бағдар іске қосылады», - делінген хабарламада.null 

Жаңа автобус «Алай сауда орталығы» бастапқы аялдамасынан бастап C-316 көшесімен, содан кейін Солтүстік айналма жолына солға, Алаш тас жолына солға, одан әрі бау-бақша қоғамдастықтарына жолшыбай тоқтаумен Софиевка ауылына дейін қатынайды.

«Қарама-қарсы бағытта бау-бақша қоғамдастықтарына тоқтамайды», - деп ескертеді компания.