Астана мен тағы 3 қалада ауа сапасы бұзылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 20 тамызда Қазақстан қалаларында қалыптасатын метеорологиялық ахуалға болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана мен тағы 3 қалада ауа сапасы бұзылады

Жексенбіде Ақтөбе, Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз жағдайлары күтіледі. Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.