Астана мен тағы үш өңірде ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 наурыз күні Қазақстанның 4 қаласында жағымсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана мен тағы үш өңірде ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Қызылорда және Петропавл қалаларында атмосфералық ауаның ластануы болжанады.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.