Астана мен Венесуэла боксшылары ширек финалда Шымкентте бақ таластырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласында «Астана арландары» мен «Caciques Venezuela» командалары арасында өтетін екі күндік ширек финалдық бәсекені «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланып отыр. Бұл кездесулер С1 және С2 салмақ дәрежелерінде өткізіледі.

Астана мен Венесуэла боксшылары ширек финалда Шымкентте бақ таластырады

Алғашқы күнгі бокс кеші бүгін, 22 сәуірде, Астана уақытымен 21 сағат 30 минутта басталады. «Хабар» агенттігінің бағдарламасына сәйкес бұл кездесу 22 сағат 10 минуттан бастап тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал 23 сәуір күні С2 салмақ дәрежесіндегі боксшылардың тартысты бәсекесін ел тұрғындары дәл 22-00 сағаттан бастап көру мүмкіндігіне ие болмақ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Astana Arlans» - «Caciques Venezuela» арасында алғашқы кездесуде С1 салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатын боксшылардың тізімі:

49 келі: Жомарт Ержан - Анхелино Кордово;

56 келі: Нурбол Калжанов - Гектор Гарсия;

64 келі: Самат Бәшенов - Луис Аркон;

75 келі: Абілхан Аманқұл - Йохан Гонсалес;

91 келі: Мұхаметжан Еркін - Дейвис Хулио.

23 сәуір күнгі кездесуде С2 салмақ дәрежесінде жекпе-жекке шығатын боксшылардың тізімі:

52 кг: Азамат Исақұлов - Йоэль Финол;

60 кг: Закир Сафиуллин - Луис Кабрера;

69 кг: Бекзод Халметов - Габриэль Маэстре;

81 кг: Арман Рысбек - Налек Корбах;

+91 кг: Қамшыбек Қоңқабаев - Эдгар Муньос.