10:48, 25 Ақпан 2012 | GMT +5
«Астана» мен «Вентспилс» футбол командалары арасындағы жолдастық кездесу 0:2 есебімен аяқталды
АЛМАТЫ. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан астаналық футболшылар вентспилстік құрдастарымен жолдастық кездесу өткізді.

10 ойыншысын ұлттық құраманың жиынына жіберген Олег Протасов жаттықтыратын астаналықтар бұл ойында Олег Лайзан жаттықтыратын Жоғарғы лигадағы Латвия чемпионатының өткен жылғы чемпионына 0:2 есебімен есе жіберді. Жалпы 1997 жылы құрылған бұл команда осы уақытқа дейін Жоғарғы лигада 4 рет (2006, 2007, 2008, 2011) топ жарып, 5 рет күміс (2000, 2001, 2002, 2009, 2010), 5 рет қола (1998, 1999, 2003, 2004, 2005) жүлдегер атанды. Сондай-ақ 5 дүркін Латвия кубогын (1998, 1999, 2003, 2004, 2005) иеленді. 2008 жылы Латвия кубогының финалисі және Ливон кубогының иегері болып, Балтық елдері лигасында 2010 жылы чемпион, 2007, 2011 жылдары финалист атанып, ал 2007 жылы Достастық чемпиондары кубогының финалисі болды.