Астана мен Жамбыл облысының жолдарында 3 жаяу жүргінші көз жұмды -ТЖМ

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Астана мен Жамбыл облысының жолдарында автокөлік жүргізушілердің салғырттығынан 3 жаяу жүргінші мерт болды,

Астана мен Жамбыл облысының жолдарында 3 жаяу жүргінші көз жұмды -ТЖМ

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Мәселен, дүйсенбі күні сағат 03.45-те Жамбыл облысы Гродиково ауылында «Мерседес» жеңіл автокөлігін басқарған белгісіз тұлға 40 жастағы әйел мен 19 жастағы қызды қағып кетіп, нәтижесінде екі жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні сағат 00.06-да,  Астанадағы Республика және Бөгенбай даңғылдарының қиылысында «Субару» автокөлігі жаяу жүргінші - 56 жастағы азаматшаның өмірін қиып кетті.