Астана мен жеті қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін еліміздің 8 қаласында жайсыз метеорологияық жағдай қалыптасып, ауа ластанады.

Бүгін алты қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

2025 жылғы 1 наурызда Қарағанды, Теміртау, Жезқазган, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Астана қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Осыған дейін Өскеменді тұман тұмшалап тұрғанға ертең 2 апта болатыны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар