Astana Motosports квадрошабандоздары Дубайдағы жарысты сәтті бастады

Команданың жаңа төрт спортшысы - Тимур Байжиенов, Максим Антимиров, Азамат Тілеулесов пен Кирилл Солоха Dubai International Baja-2017 бәйгесінің бірінші кезеңінде мәре сызығын кесіп өтті.
Барлық спортшылар әкімшілік комиссияға жарысқа қатысуға жігері жететіндігін растап, карталарына мөр бастырып алды.
91,66 шақырымдық арнайы учаскеде Қазақстандық квадрошабандоздардың арасынан Максим Антимиров ең үздік көрсеткішке ие болды. Ол жеңімпаздан 12 минут 32 секундқа кеш келіп, төртінші орын алды. «Astana Motorsports»-тың басқа спортшылары Байжиенов, Солоха және Тілеулесов алтыншы, жетінші және сегізінші орынды иеленді. International Baja-2017-нің келесі арнайы учаскесінің ұзындығы 82,24 шақырым.
Еске сала кетсек, «Астана» президент клубы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылып, халықаралық спорт аренасында «Астана» ұлттық брендін таныстыруда.