«Astana Muzical» театры ақын Мұқағалидың шығармашылығына арналған кеш өткізбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өткізіледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Ақиық ақынның кешін «Қазақстан» концерт залының камералық залында өткізу жоспарланып отыр. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін кеште «Astana Muzical» театры 1 сағаттық концерт дайындауда.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Астананың 20 жылдығын негізге алған кешке елімізге танымал ақын-жазушылар, өнер иелері шақырылып отыр. Театр әртістері ақынның өлеңдері мен толғаныстарын орындап, белгілі әншілер Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған әндерді шырқайды.
Ақынның шығармашылығына арналған кеш 9 ақпан күні сағат кешкі 18:00-де басталады.