Астана нейрохирургтері омыртқаға күрделі ота жасады

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығының (РНҒО) дәрігерлері омыртқаға бірегей ота жасады.
None
None

Соның арқасында 65 жастағы әйел мүгедектіктен аман қалды, деп хабарлады РНҒО-ның баспасөз қызметінен.

Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, РНҒО спиналдық нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері бөлім меңгерушісі Талғат Керімбаевпен бірге ісік пен омыртқаның зақымданған жерін алып тастап, жасанды протез қойды. Хирургтер өте сирек әдісті қолданды. Ота бір кезеңмен өтті.

Дәрігерлердің атап өтуінше, мұндай оталар екі кезеңнен тұрады. Өйткені кеуде жасушаларын ашу жоғары травматикалық жағдай болып табылады. Және мұндай оталар жасы ұлғайған адамдарға онша сәтті жасала бермейді.

«Ота сәтті жасалды. Бірнеше күннен кейін омыртқасындағы кесел алынып тасталған әйел аяғынан тұрды. Қазір оның денсаулығы қалыпты, бірнеше күннен кейін үйіне жіберіледі», - делінген хабарламада.

Хабарланғандай, осындай әдіспен спиналдық нейрохирургия бөлімінде 130 науқасқа ота жасалыпты. Аталған бөлімде омыртқа мен жұлынға жылына 600-ден астам ота жасалып, 10 инновациялық медициналық технология енгізілетін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар