Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Астана» оқу-жаттығу жиынын Португалияда өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының негізгі құрамы 2020 жылы алғаш рет оқу-жаттығу жиынын Португалияда өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың сайтына сілтеме жасап.

«Астана» оқу-жаттығу жиынын Португалияда өткізеді

Команда Переней түбегінде 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында маусымға дайындалады.

Жиын соңына таман Қазақстанның алты дүркін чемпионы «Атлантик Кап» турнирінде бақ сынайды.

Айта кетейік, елорда командасы топтық кезеңде даниялық «Копенгаген» және «Брондбю» командаларына қарсы ойнайды.