«Астана» ӨңҚ жаңадан шақырылған сарбаздары алғаш рет жауынгерлік қарудан оқ атты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Спасск» оқу-жаттығу орталығының базасында «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне қызмет жасауға келген 40 жас сарбазға арналған алғашқы далалық оқ ату жаттығулары өтті.
Жаңадан шақырылғандар ОАЖ-1 жаттығуларын (оқу атыстарының бірінші жаттығулары) орындады. Практикалық сабақтарға теориялық дайындық курсы негіз болды, онда сарбаздар атыс қаруының сипаттамаларын, оқ ату техникасы мен ерекшеліктерін, қауіпсіздік ережелерін зерделеді. Бұл жас сарбаздардың әскери қызметтегі нағыз жауынгерлік қарудан алғаш рет атуы. Олардың барлығы практикалық сабақты жақсы игерді. Атыс нәтижелері бойынша қатардағы жауынгер Әлімбаев 27 балл жинады. Алғашқы оқу- жаттығулары үшін бұл жақсы нәтиже. Бұл атыстарды жас әскерилердің «жауынгерлік бастамасы» деп айтуға болады. Армиядағы бір жыл қызмет ішінде оларды әлі де осындай сабақтар, оқу-жаттығулар мен далалық жиындар күтуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.